"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 Көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрінің атауы (бар болған жағдайда) Жоқ
2 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері
3 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) ұсыну тәсілдері және Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "цифрлық үкімет" веб-порталы (әрі қарай – портал);
2) цифрлық объектілері;
3)ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (Қазақстан
Республикасының мобильді азаматтары базасында тіркелген ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін тіркеу кезінде) арқылы жүзеге асырылады.
4 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсетудің мерзімі Жалпы білім беру кезегіне өтініштер автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
МДҰ-ға кезектен тыс орын үшін кезекке қоюға өтініштер (әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, басқа елді мекенге ротацияланған, көшірілген немесе ауыстырылған мемлекеттік қызметшілер (конкурс бойынша лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда)) 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.
МДҰ-ға бірінші кезектегі тәртіппен орын алу үшін кезекке қоюға өтініштер (педагогтердің, медициналық қызметкерлердің балалары; заңды өкілдері мүгедектігі бар тұлғалар болып табылатын балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; мүгедектігі бар баласы бар отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар) берілген сәтте автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Санаториялық, арнайы кезекке өтініштер 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.
5 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсетудің нысаны электронды (ішінара цифрландырылған)/ проактивті
6 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсетудің нәтижесі Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама немесе "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету туралы хабарлама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша кезекке қою.
7 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
8 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі);
3) цифрлық объектілері арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғанда жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде беріледі);
4) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
9 Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) көрсетілетін қызметті алушының Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініші;
2) әскери қызметкердің, арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің, басқа елді мекенге ротацияланған, көшірілген немесе ауыстырылған мемлекеттік қызметшінің (конкурс бойынша лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшіні қоспағанда) жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
3) ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан берілген анықтаманың (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды) көшірмесі;
4) мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының көшірмесі (ол болған жағдайда);
5) санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың көшірмесі талап етіледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер баланың, көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді; МДҰ-ға жолдаманы бірінші кезекте алғанын растайтын мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Резидент еместер үшін:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі (ол болған жағдайда);
5) фтизиатр-дәрігер берген (санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою кезінде) жолдаманың көшірмесі.
10 Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болған жағдайда) көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
11 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша Мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметімен бірге көрсетіледі.